Бүгін, 13 желтоқсан күні, мектебімізде еліміздің басты мерекесі – Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мектебіміздің директоры Жүкенова Қ.М. барлық оқушылар мен ұстаздарға жылы лебіздерін білдірді.
Бүгін, 13 желтоқсан күні, мектебімізде еліміздің басты мерекесі – Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мектебіміздің директоры Жүкенова Қ.М. барлық оқушылар мен ұстаздарға жылы лебіздерін білдірді. Бүгін біздің бірінші сынып оқушыларымыз «Жас Қыран» балалар ұйымының толыққанды мүшесі атанды. Сонымен қатар, осы оқу тоқсанында аудандық, облыстық және республикалық олимпиадалар мен жарыстарда жеңімпаз атанған оқушыларымызды марапаттадық. Олардың жетістіктері – біздің баршамыз үшін үлкен мақтаныш.