2024 жылдың 15 желтоқсанында дене шынықтыру-сауықтыру орталығының ғимаратында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Айдар кубогы» футбол турнирі өтті. Жарысқа колледж командасы, №1 орта мектеп, №2 орта мектеп, №4 орта мектеп, Тайынша қаласындағы №5 орта мектеп, Теңдік орта мектебі, жасөспірімдер спорт мектебінің түлектері және жасөспірімдер спорт мектебінің командасы қатысты.