Балаларда отбасы құндылықтары мен салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауды, өз отбасына деген мақтаныш сезімін дамыту, ұжымда ұйымшылдықты нығайту және қоғамның негізі ретінде отбасының маңыздылығын сезіну мақсатында «А» мектепалды даярлық сыныбында Отбасы күніне орай тәрбиелік іс-шара өткізілді.