#Бос_орындар#Жұмысқа_қабылдау «Тайынша қаласының №4 орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті, математика, физика, биология пәндері мұғалімдерінің бос орындарына конкурс өткізуді жоспарлап отыр және осыған байланысты мемлекеттік білім беру ұйымдарының мұғалімдері лауазымдарына тағайындау ережелеріндегі өзгерістерге назар аударады. — «Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «Тайынша қаласының № 4 орта мектебі» КММ

#Бос_орындар#Жұмысқа_қабылдау «Тайынша қаласының №4 орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті, математика, физика, биология пәндері мұғалімдерінің бос орындарына конкурс өткізуді жоспарлап отыр және осыған байланысты мемлекеттік білім беру ұйымдарының мұғалімдері лауазымдарына тағайындау ережелеріндегі өзгерістерге назар аударады.

«Тайынша қаласының N4 орта мектебі» КММ бос қазақ тілі мен әдебиеті, математика, физика, биология мұғалімдері лауазымына конкурс өткізуді жоспарлап отыр және осыған байланысты мемлекеттік білім беру ұйымдарының мұғалімдері лауазымдарына тағайындау ережелеріндегі өзгерістерге назар аударады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз жеткізгіште жібереді:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысуға өтінім;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
3) толтырылған жеке есеп парағы (бар болса, нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамасымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасы нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы No ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысанындағы денсаулығы туралы анықтама (Заңнамалық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) психикалық және мінез-құлық бұзылыстары бар науқастарды динамикалық бақылаудың жоқтығы туралы анықтама;
8) нашақорлардың динамикалық бақылауының жоқтығы туралы анықтама;
9) аттестаттау нәтижелері туралы куәлік немесе қолданыстағы біліктілік санаты туралы куәлік (бар болса);
10) осы Қағидаларға 17 және 18-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша бос немесе уақытша бос педагогикалық лауазымға орналасуға үміткердің толтырылған Бағалау парағы.
11) жұмыс (мұғалім лауазымына), оқу орнынан ұсыныс хат.
Үміткер бар болған жағдайда оның білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілікті арттыру, ғылыми/ғылыми дәрежелер мен атақтарды беру, ғылыми немесе әдістемелік басылымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) ұсынады.
Жоғарыда көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.
Мемлекеттік ұйым кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақпараттық қызметі арқылы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы сұрау салуды жолдайды.
Сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға тыйым салатын қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер анықталған жағдайда, оқытушы кез келген кезеңде конкурстан шеттетіледі.
Конкурс нәтижелері конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өткеннен кейінгі келесі жұмыс күні мемлекеттік білім беру ұйымының интернет-ресурсында немесе ұйымның әлеуметтік желідегі ресми аккаунттарында жарияланады.

#Бос_орындар#Жұмысқа_қабылдау

Достармен бөлісу
«Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «Тайынша қаласының № 4 орта мектебі» КММ