
Бүгін мектебімізде 11-сынып оқушылары арасында ҰБТ-ға арналған сынақ тестілеу өтті.
Тестілеудің басты мақсаты — бітірушілердің білім деңгейін анықтау, дайындықтағы күшті және әлсіз тұстарын айқындау, сондай-ақ оқушыларды қорытынды емтихан форматына бейімдеу болды. 

Оқушылар тестілеуге жауапкершілікпен қарап, алдағы ҰБТ-ға зор ынта мен дайындықтарын көрсетті. 

Барлық 11-сынып түлектеріне өз күштеріңізге сеніп, табандылық танытып, негізгі тестілеуде жоғары нәтижелерге жетулеріңізді тілейміз! 

