
Бүгін, 1 желтоқсан күні,мектебімізде дәстүрлі түрде 1–11 сынып оқушыларына арналған жұмыс жиыны өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін салтанатты орындаудан басталды. Одан кейін тәрбие ісі жөніндегі орынбасары алдағы оқу аптасына жоспарланған іс-шаралармен таныстырып, тәртіп сақтау мен мектеп өміріне белсенді қатысудың маңыздылығын еске салды.
Жиын қуанышты әрі шабыттандыратын сәтпен— өткен апта қорытындысы бойынша белсенді, тырысқақ әрі бастамашыл оқушыларды марапаттаумен аяқталды
