Бүгін, 12.12.25 жылы қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында «Биік шаңырақ астында – Тәуелсіздік тұғыры» атты танымдық-этнографиялық ойын 9-сынып оқушылары арасында өткізілді — «Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «Тайынша қаласының № 4 орта мектебі» КММ

Бүгін, 12.12.25 жылы қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында «Биік шаңырақ астында – Тәуелсіздік тұғыры» атты танымдық-этнографиялық ойын 9-сынып оқушылары арасында өткізілді

Бүгін ,12.12.25 жылы қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында
«Биік шаңырақ астында – Тәуелсіздік тұғыры» атты танымдық-этнографиялық ойын 9-сынып оқушылары арасында өткізілді. Шараның мақсаты – оқушылардың ұлттық мәдениетке, салт-дәстүрге деген қызығушылығын арттыру, тарихи сана мен отансүйгіштік сезімін қалыптастыру.
Ойын барысында оқушылар қазақ халқының тұрмысы, әдет-ғұрпы, ұлттық киімдері туралы білімдерін көрсетіп, түрлі зияткерлік және шығармашылық тапсырмаларды орындады. Танымдық бөлімдер мен сайыстар оқушылардың топпен жұмыс жасау дағдыларын, ойлау қабілетін және ұлттық құндылықтарға деген құрметін дамытты.
Шара тартымды да мазмұнды өтті, оқушылар белсенділік танытып, өзара достық қарым-қатынас пен рухани бірлік көрсетті.
Өткізгендер:Искакова Найла Утегеновна ,Исенова Сауле Құрмашқызы.
Достармен бөлісу
«Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «Тайынша қаласының № 4 орта мектебі» КММ