

Бүгін, 29 қыркүйекте біздің мектептің 9-11 сынып оқушылары арасында «Білім — өмірді өзгертетін жол» тақырыбында сынып сағаттары өтті.
Іс-шара барысында жоғары сынып оқушылары білім берудің адам өміріндегі маңыздылығын, оның жеке тұлғаны қалыптастырудағы, табысты болашақ құрудағы және жалпы қоғамды дамытудағы рөлін талқылады. Кәсіби өзін-өзі анықтау, өмір жолын таңдау және өз болашағы үшін жауапкершілікті сезіну мәселелеріне ерекше назар аударылды.