

Бүгін, 3 қыркүйекте біздің мектепте 1-11 сынып оқушылары үшін екінші тоқсанның бірінші жұмыс жиыны өтті.
Жақсы дәстүр бойынша жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды. Әрі қарай директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары білім алушыларға мектеп Жарғысын, мінез-құлық ережелері мен күн тәртібін сақтау қажеттігін еске салды.
Сондай-ақ, балалар алдағы аптаға арналған маңызды іс-шаралар, акциялар, байқаулар және әр оқушы қатысуға қызығушылық танытатын шығармашылық белсенділіктер кірген іс-шаралар жоспарымен танысты
