
Бүгін, 4 желтоқсан күні, мектеп оқушылары үшін «Сенің қателігің — оның көз жасы» атты
әлеуметтік-ағартушылық фильмі және «Өкіну» айдарының (6, 3, 8-бөлімдер) роликтері көрсетілді.
Іс-шараның мақсаты — оқушылардың саналы мінез-құлқын қалыптастыру, өз әрекеттері үшін жауапкершілікті арттыру, сондай-ақ жасөспірімдер арасында кездесетін зорлық-зомбылық, немқұрайлық, буллинг, ерте қарым-қатынас және оның салдарлары сияқты жағымсыз құбылыстардың алдын алу.
Көрсетілімнен кейін оқушылар негізгі мәселелерді талқылап, жеке қорытындыларын айтты. Көпшілік көргендері маңызды мәселелер туралы ойлануға себеп болғанын мойындады.
