
Бүгін, 5 желтоқсанда, КММ «Тайынша қаласы №4 орта мектеп» 5 сынып оқушылары қалалық мұражайға барды.
Сапар барысында балалар көп жаңа және қызықты нәрселерді білді: экскурсия жетешісі мұражайдың құрылу тарихы, оның экспозициялары, маңызды оқиғалар және есімдері біздің қаламыздың тарихына мәңгі енгізілген адамдар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Арнайы назар ерекше жетістіктерге жеткен жерлестеріміздің — Тайынша тұрғындарының портреттеріне аударылды, олар мәдениет, спорт, білім және ғылым салаларында табысқа жеткен.
Экскурсияның мақсаты — оқушыларда туған өлкенің тарихына қызығушылықты қалыптастыру, қоғам дамуына үлес қосқан адамдарға құрметті тәрбиелеу, сондай-ақ дүниетанымын кеңейту және патриоттық сезімдерін дамыту.
