













Бүгін, 8 желтоқсанда, Тайынша қаласы №4 орта мектебінің 1–11 сыныптарында тақырыптық сынып сағаттары өткізілді.
Сынып жетекшілері келесі бағыттар бойынша тәрбиелік сабақтар ұйымдастырды:
– «Балалар кітапханасы» жобасы аясында — оқырман мәдениетін қалыптастыру, кітапқа деген қызығушылық пен саналы оқуды дамытуға бағытталған;
– «Қауіпсіздік сабақтары» — онда оқушылар төтенше жағдайлар мен тұрмыстық қауіпсіздік ережелерін талқылады;
– «Жол қозғалысы ережелері» (ЖҚЕ) — балалардың жолдағы жеке қауіпсіздігіне жауапкершілік қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Аталған сынып сағаттарының мақсаты — оқушылардың мәдениетті мінез-құлық дағдыларын дамыту, құқықтық және оқырмандық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ жеке қауіпсіздікке жауапты көзқарас қалыптастыру.
