Бүгін, 21 қаңтар күні, әлеуметтік педагог Галяшинский А.Г. 7–8 сынып оқушыларымен
«Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтары мен қылмыстары үшін жауапкершілігі» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді.
Кездесу барысында оқушылар құқық бұзушылықтың түрлері, заңға қайшы әрекеттер үшін қолданылатын жауапкершілік шаралары, сондай-ақ олардың болашақ өміріне әсер етуі мүмкін салдарлар туралы мағлұмат алды. Ерекше назар құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға, заңды құрметтеуге және өз іс-әрекеттеріне саналы көзқарас танытуға аударылды.

