«Менің Отаным – Қазақстан!» — «Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «Тайынша қаласының № 4 орта мектебі» КММ

«Менің Отаным – Қазақстан!»

 

Бүгін, 2 қыркүйек күні, Тайынша қаласындағы №4 орта мектепте 1-11 сынып оқушыларына «Менің Отаным – Қазақстан!» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.

Іс-шара барысында оқушылар еліміздің маңызды тарихи оқиғаларын еске түсіріп, мемлекеттік рәміздер, мәдени мұра және Отанды дамытудағы азаматтың рөлі туралы әңгімелесті. Әр сыныпта өз елінің патриоты болу деген ұғымға талдау жасалып, Қазақстанның болашағы жайлы ойларымен бөлісті.

Мұндай сынып сағаттары жас ұрпақтың туған еліне деген мақтаныш сезімін, тарихы мен дәстүрлеріне деген құрметін қалыптастыруға ықпал етеді.

Достармен бөлісу
«Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «Тайынша қаласының № 4 орта мектебі» КММ