Осы апта ішінде Тайынша қаласы №4 орта мектебінде дайындық сыныбынан бастап 11-сыныпқа дейінгі барлық сыныптарда сынып жетекшілері ата-аналар жиналыстарын өткізді. — «Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «Тайынша қаласының № 4 орта мектебі» КММ

Осы апта ішінде Тайынша қаласы №4 орта мектебінде дайындық сыныбынан бастап 11-сыныпқа дейінгі барлық сыныптарда сынып жетекшілері ата-аналар жиналыстарын өткізді.

Осы апта ішінде Тайынша қаласы №4 орта мектебінде дайындық сыныбынан бастап 11-сыныпқа дейінгі барлық сыныптарда сынып жетекшілері ата-аналар жиналыстарын өткізді.
Жиналыстардың тақырыптары мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ оқушылардың тәрбиесі мен қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелерді талқылауға бағытталды:
– Дайындық–4 сыныптар — «Отбасы — мектептің басты серіктесі»;
– 5–11 сыныптар — «Буллинг: байқау, анықтау, тоқтату».
Кездесулер барысында ата-аналармен оқушылардың үлгерімі мен сабаққа қатысуы, балалардың мектепішілік және сыртқы іс-шараларға, конкурстар мен олимпиадаларға қатысуы жөнінде пікір алмасылды.
Буллингтің алдын алу, мұндай жағдайларды дер кезінде анықтау және тиісті шара қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ата-аналарға мектеп жарғысы, ішкі тәртіп ережелері және педагогикалық ұжыммен тығыз байланыста болу қажеттілігі қайта еске салынды.
Мұндай кездесулер мектеп пен отбасы арасындағы әріптестік қатынастарды нығайтуға ықпал етеді, бұл баланың жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуында ерекше маңызға ие.
Достармен бөлісу
«Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «Тайынша қаласының № 4 орта мектебі» КММ