Рухани келісім күнін еліміздің тәуелсіздігінің синонимі деуге болады. Бұл мереке 1992 жылдан бері тойланып келеді және Дүниежүзілік рухани келісім конгресінің бірінші сессиясынан бастау алады. Ол руханилықты, адамгершілікті, төзімділікті және өзара түсіністікті білдіреді. Міне, бүгінгі жас мемлекетіміздің тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі осы. Елімізде жүзден астам ұлттар мен ұлыстардың басын біріктіріп, тарихи тату көршілік пен достық қарым-қатынаста өмір сүріп жатқанын қазақстандықтар біледі. Бұл – еліміздің ең үлкен мұрасы. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауларының бірінде: «Біздің ең басты байлығымыз – амандық пен бірлік, тұрақтылық пен тыныштық, бейбітшілік пен келісім» деп атап көрсетті