
Санин Савелий, 5 «Б» сынып оқушысы, «Дарын» республикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде мектеп намысын абыроймен қорғап, ағылшын тілі пәні бойынша 3 орынға ие болды. Савелийді осы жетістігімен құттықтаймыз! Бұл нәтиже оның еңбегінің, талпынысының және ұстазы Абилова Асемгуль Берекбаевнаның қолдауының жемісі. Алдағы уақытта да биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз!
