
«Тайынша қаласының №4 орта мектебі» КММ-де «Кедергісіз әлем» суреттер көрмесі өтті. Оқушылар өздерінің шығармашылық жұмыстары арқылы жасына немесе мүмкіндіктеріне қарамастан әр адамға мейірімділікке, өзара көмекке және құрметке ұмтылыстарын білдірді.
Оқушылардың суреттері жылулыққа, қамқорлыққа және теңдікті, қолдау мен достықты бейнелейтін жарқын бейнелерге толы. Көрменің мақсаты-қоғамдағы мейірімділік пен төзімділіктің маңыздылығын еске түсіру, сондай-ақ кедергісіз әлем әрқайсымыздың жақсы жүрегімізден басталатынын көрсету