«Тайынша қаласының №4 орта мектебі» КММ — де еліміздің басты мемлекеттік мерекелерінің бірі-Қазақстан Республикасының күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Іс-шара оқушылардың бойында патриотизмді, тарихты құрметтеуді және өз Отанына деген мақтанышты тәрбиелеуге бағытталған.
Жиын барысында мемлекеттік әнұран шырқалды, осы күннің маңыздылығы, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының тарихи кезеңдері туралы ақпараттық баяндамалар ұсынылды