
Қазақстанда Кітапханашылар күні 24 қазанда атап өтіледі. Ол Үкіметтің 2022 жылғы 18 қазандағы № 833 қаулысымен бекітілген.
Мерекенің басты мақсаты – кітапханашы мамандығының имиджін көтеру және оның дамуын ынталандыру. Бұл кәсіби кітапханашылардың ғана емес, кітапты жақсы көретін, мәдени-қоғамдық өмірдегі кітапханашының рөлін түсінетін адамдардың мерекесі.
Елімізде шамамен 12 000 кітапхана болса, оның 4 000-ға жуығы Мәдениет және ақпарат министрлігінің құзырында. Бұл кітапханаларда 9500-ден астам кітапханашы жұмыс істейді, оларда шамамен 73 миллион кітап сақталады.
Кітапханашылардың жұмысы Қазақстан азаматтарының білім мен рухани құндылықтарға қол жеткізуіне көмектеседі.
Мен Қазақстандағы ең бірегей кітапханалар туралы айтып беремін
