Бүгін , 9 .09.25 ж.,Қазақстан халқы Тілдер апталығы аясында оқушылар арасында «Мақалдағы мәңгілік мән » атты іс-шара өткізілді.
Мақсаты: оқушыларды шешен сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізуге баулу, сонымен қатар мақал-мәтелдің мағынасын түсіну, оны өмірде қолдана білуге дағдыландыру. Халқымыздың ұлттық құндылығының маңыздылығын түсіндіру.
«Тіл — татулық тірегі» апталығы аясында «Мақал-мәтелдердегі мәңгі мағына» атты бейнеролик дайындалды.
Балалар белсенді қатысып, қазақ және орыс тілдеріндегі мақал-мәтелдерді еске түсіріп, айтып берді.
Іс-шара тілдің бейбітшілік пен келісімнің символы екенін айқын көрсетті.
Халық даналығы арқылы балалар ортақ құндылықтарды, адамгершілік бағыттарды көріп, тілдік әртүрлілікке құрметпен қарауды үйренді.