
Қазақ тілі мен әдебиет апталығы» аясында бүгінгі көңілді қоңырау уақытында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Исенова Сәуле Курмашқызы оқушылармен сергіту сәтін өткізді.
Сергіту сәтінің негізгі мақсаты – оқушылардың сабақ үстіндегі шаршауын сейілту, дене қозғалысын жақсарту және зейінін қайта шоғырландыру. Мұғалім ойын түріндегі жаттығуларды пайдаланып, балалардың белсенділігін арттырды. Іс-шара өте көңілді өтіп, оқушылардың апталыққа деген қызығушылығын одан әрі арттыра түсті
