

Ұстаздар күні қарсаңында Тайынша қаласы №4 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мазур Надежда Николаевна жоғары мемлекеттік марапатқа ие болды!
Ол көпжылдық адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және жас ұрпаққа деген сүйіспеншілігі үшін «БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ» төсбелгісімен марапатталды.
Бұл марапат – ұстазымыздың еңбегіне берілген лайықты баға ғана емес, сонымен қатар мектебіміздің мақтанышы.
Надежда Николаевнаның педагогикалық шеберлігі шәкірттерін білімге жетелеп, жүрегін ризашылық пен құрметке толтыра берсін!
