Ұстаздар күні қарсаңында Тайынша қаласы №4 орта мектебінің директоры, Жукенова Корлан Мукашевна, мәртебелі марапатқа ие болды!Өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі зор жетістіктері үшін ол «МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ» төсбелгісімен марапатталды.
Бұл марапат – Корлан Мукашевнаның білім беру ісін дамытуға қосқан өлшеусіз үлесінің, кәсібіне деген адалдығының және педагогикалық ұжымның бірлігін сақтай білуінің айғағы.
