





2025 жылдың 4 қарашасында елімізде жалпы қазақстандық диктант өткізілді. Іс-шараның тақырыбы – «Отан». Бұл шараның мақсаты – мемлекеттік тілді дамыту, азаматтардың жазу сауаттылығын арттыру және Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру болды.
Тайынша қаласы №4 орта мектебінің мұғалімдері бұл шараға белсенді қатысып, өз үлестерін қосты. Диктант барысында олар мемлекеттік тілге құрметті, патриоттық сезімді және кәсіби жауапкершілікті көрсетті.
«Отан» тақырыбы арқылы туған жерге, ел тарихына және ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілік кеңінен дәріптелді. Бұл іс-шара — тіл мәдениетін арттырумен қатар, ел бірлігін нығайтудың жарқын көрінісі болды.
    