Мектебім – мейірім мекені — «Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «Тайынша қаласының № 4 орта мектебі» КММ

Мектебім – мейірім мекені

Бүгін, 2 қыркүйек күні «Тайынша қаласының No4 орта мектебі» КММ-де жаңа оқу жылының басталуына арналған «Мектебім – мейірім мекені» атты салтанатты жиын өтті. Бұл күн мектебіміздің табалдырығын алғаш аттаған 30 оқушысына 1-сынып үшін ерекше қызықты болды.
Мектеп директоры Жукенова Корлан Мукашевна оқушылар мен ұстаздар қауымына жылы лебізін білдірді. Іс шараның құрметті қонағы аудананың аурухананың өкілі Б.К.Казесова да мектеп оқушыларын оқу жылының басталуымен құттықтады.
Педагогикалық еңбектің құрметті ардагері Леонид Станиславович Шушковскийдің сөздері мерекеге ерекше көңіл-күй сыйлады ,оның шынайы тілектері ұстаздар мен оқушыларға шабыт сыйлады.
Биылғы оқу жылы барлығымыз үшін оқиғалы, жемісті және табысты болсын! Әр оқушыға білімге құштарлық, ал ұстаздарға шабыт пен шыдамдылық тілейміз!
Достармен бөлісу
«Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «Тайынша қаласының № 4 орта мектебі» КММ