Бүгін мектебімізде 8-11 сыныптар арасында 5 қыркүйек-Қазақстан халқының тілдер күніне орай,қазақтың біртуар перзенті,ұлы ақын,ғұлама ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді.Жалпықазақстандық ашық диктанттың өткізілу мақсаты, оқушылардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру,мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және оның қоғамдық маңызын арттыру.