Бүгін, 08.09.25 ж., Қазақстан халқы тілдері апталығы аясында 5-сынып оқушылары арасында «Полиглот» байқауы өткізілді — «Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «Тайынша қаласының № 4 орта мектебі» КММ

Бүгін, 08.09.25 ж., Қазақстан халқы тілдері апталығы аясында 5-сынып оқушылары арасында «Полиглот» байқауы өткізілді

Бүгін, 08.09.25 ж., Қазақстан халқы тілдері апталығы аясында 5-сынып оқушылары арасында «Полиглот» байқауы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – тілдерге деген сүйіспеншілікті дарыту және оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру.
Оқушылар жұмбақтар мен мақал-мәтелдер бойынша жарысып, жауаптарын үш тілде ұсынды. Жеңімпаздар тәтті сыйлықтармен және Мадақтамалармен марапатталды.
Оқушылар топпен жұмыс істеу, өз ойын сауатты жеткізу және өз көзқарасын дәлелдей білу дағдыларын дамытты.
1 орынды 5″в» сынып командасы жеңіп алып, Мадақтама мен тәтті сыйлыққа ие болды. 2 орынды бірдей ұпай жинаған 5″а» және 5″б» сыныптарының командалары бөлісті. Іс-шара жоғары деңгейде өтті.
Достармен бөлісу
«Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «Тайынша қаласының № 4 орта мектебі» КММ