Мектеп кітапханасында қазақтың ұлы ақыны, ойшылының туғанына 180 жыл толуына орай «Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасы мен тағылымы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы ақпаратты кеңінен тарату. Кітап көрмесі өскелең ұрпақтың рухани дамуына, Абай ілімі негізінде білім алуға бағытталған. Ол болашақ зерттеушілер үшін де құнды дереккөз болып табылады.