





Бүгін, 29 қыркүйекте біздің мектептің 5-8 сынып оқушылары арасында «Композитор Әбілхат Еспаев – Қазақстан мәдениетіне қосқан үлесі»тақырыбында сынып сағаттары өтті.
Іс – шара аясында оқушылар қазақстандық музыкалық мәдениеттің жарқын өкілдерінің бірі-композитор Әбілхат Еспаевтың өмірі мен шығармашылығымен танысты. Мұғалімдер оның ұлттық өнердің дамуына қосқан елеулі үлесі, танымал әндер туралы және жастардың музыкалық талғамын қалыптастырудағы рөлі туралы әңгімеледі.