
Боримская Виолетта, 6 «В» сынып оқушысы, «Дарын» республикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде тамаша нәтиже көрсетіп, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 3 орынға ие болды.
Виолеттаны осы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл нәтиже оның еңбекқорлығы, табандылығы және ұстазы Алдабергенова Молдир Мамировнаның кәсіби қолдауының жемісі.
Алдағы уақытта да жаңа жетістіктерге жетіп, биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!
