














2025 жылдың 1 желтоқсанында Тайынша қаласындағы №4 орта мектебінде 1–11 сынып оқушыларына әлеуметтік және экологиялық жауапкершілікті дамытуға бағытталған тақырыптық сынып сағаттары өтті:
— 1–4 сыныптарда «Қамқор» жобасы аясында «Табиғатты қорғайық» тақырыбында сынып сағаттары ұйымдастырылды. Оқушылар қоршаған ортаны не үшін қорғау қажет екенін және әр адамның экологияны жақсартуға қосатын қарапайым үлесі туралы әңгімелесті.
— 5–6 сыныптарда осы жоба аясында «5 желтоқсан – Халықаралық еріктілер күніне» арналған әңгіме жүргізілді. Балалар еріктілердің кім екенін, олардың қандай көмек көрсететінін және айналадағыларға бейжай қарамаудың маңыздылығын білді.
— 7–11 сынып оқушылары «Закладчики. Расплата» атты деректі фильмді тамашалап, пікір алмасты. Мақсаты – құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және заңсыз әрекеттердің салдарына саналы көзқарас қалыптастыру.
Барлық іс-шаралар ашық пікір алмасу форматында, оқушылардың белсенді қатысуымен өтті
