
Бүгін, 3 желтоқсан күні, Тайынша қаласындағы «№4 орта мектеп» КММ-де оқушылар үшін «Курьер» атты профилактикалық бейнероликтің көрсетілімі ұйымдастырылды.
Бұл іс-шараның мақсаты — құқықтық сауаттылықты арттыру, жасөспірімдерге тыйым салынған заттардың заңсыз айналымына қатысты құқыққа қарсы әрекеттерге тартылудың мүмкін салдары туралы түсінік қалыптастыру.
Көрсетілімнен кейін оқушылармен талқылау жүргізілді. Талқылау барысында балалар өз пікірлерін білдіріп, сұрақтар қойып, өз іс-әрекеттеріне мұқият болудың, күмәнді ұсыныстарға келіспеудің және қиын жағдайда «жоқ» деп айта алудың маңыздылығын түсініп, маңызды қорытындылар жасады
