













8 желтоқсан күні «Абай Құнанбайұлы – дана ойдың дарасы» атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыру мақсатында екі танымдық-ойын түріндегі іс-шара ұйымдастырылды. Үзіліс кезінде «Арқан тарту» ұлттық ойыны өткізіліп, оқушылардың ұйымшылдығы мен күш-қайраты сыналды. Сонымен бірге «Мақал-мәтелді толықтыр» атты зияткерлік ойын ұйымдастырылып, оқушылар қазақтың даналық сөздерін жалғастырып, өз білімдерін көрсетті. Бұл іс-шаралар оқушылардың ұлттық мәдениетке қызығушылығын арттырып, ойлау қабілетін дамытуға ықпал етті
