8–12 желтоқсан аралығында өтетін «Абай Құнанбайұлы – дана ойдың дарасы» атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында бірқатар мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылады — «Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «Тайынша қаласының № 4 орта мектебі» КММ

8–12 желтоқсан аралығында өтетін «Абай Құнанбайұлы – дана ойдың дарасы» атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында бірқатар мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылады


8–12 желтоқсан аралығында өтетін «Абай Құнанбайұлы – дана ойдың дарасы» атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында бірқатар мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылады. Апталықтың мақсаты – ұлы ойшыл Абай мұрасын терең таныту, оқушылардың тілдік құзыреттілігін, шығармашылық қабілетін және рухани мәдениетін дамыту.
Бағдарламада ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар, «Абай оқулары» байқауы, түрлі шығармашылық шеберлік сағаттары және қызықты танымдық үзілістер жоспарланған. Бұл іс-шаралар оқушылардың Абай шығармашылығына деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың ой-өрісін кеңейтіп, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға бағытталады
Достармен бөлісу
«Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «Тайынша қаласының № 4 орта мектебі» КММ