
10 желтоқсан күні 11-сыныпта «Заң мен тәртіп – өзімнен басталады» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында заңдылықты сақтау, азаматтық жауапкершілік, құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланды. Оқушылар өз ой-пікірлерін білдіріп, белсенділік танытты. Қорытындысында заң мен тәртіпті сақтау әр адамның өзінен басталатыны туралы тұжырым жасалды.
