«Тайынша қаласының КММ №4 орта мектебінде» Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Қазақстан: кеше, бүгін, ертең» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты — оқушылардың патриоттық рухын қалыптастыру, тарихи оқиғаларға, ұлттық рәміздерге және елдің мәдени мұрасына деген құрметті арттыру.
