
2025 жылдың 11 желтоқсанында Қазақ тілі мен әдебиет апталығы аясында Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Жукенова Қорлан Мукашевна оқушылармен бірқатар танымдық және ойын-сауық іс-шараларын өткізді. Көңілді үзіліс кезінде оқушылардың сөздік қорын дамытуға бағытталған «Кім көп сөз құрайды?» атты танымдық ойын ұйымдастырылды.
Бұдан бөлек, “Сабақтастық” жобасы аясында 5-сынып оқушыларыбастауыш сыныптарына Сабақтастық жобасы аясында 5-сынып оқушылары бастауыш сынып оқушыларына арнап «Ертегілер еліне саяхат» атты қызықты қойылым көрсетті. Бұл іс-шаралар оқушылар арасындағы байланысты нығайтып, олардың шығармашылық қабілеттері мен білімге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.
