
2025 жылғы 12 желтоқсан күні Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында бастауыш және орта буын оқушыларының қатысуымен «Көңілді үзілістер» ұйымдастырылды. Үзілістер «Асық» атты танымдық ұлттық ойын түрінде өтті. Бұл шараның мақсаты — қазақ халқының ұлттық құндылықтарын, әсіресе ұлттық ойындарды жаңғырту және оқушылардың бойында қызығушылық ояту. Оқушылар үзіліс барысында белсенділік танытып, ұлттық ойынға қызығушылықпен қатысты. «Көңілді үзілістер» оқушылардың сергектігін арттырып, патриоттық сезімін қалыптастыруға ықпал етті.
