



Бүгін, 15 желтоқсан күні, Тайынша қаласындағы «№4 орта мектеп» КММ-де Қазақстан Республикасының ең басты мемлекеттік мерекелерінің бірі — Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Іс-шараның ерекше сәті — 5-сынып оқушыларының «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдануы болды. Оқушылар өз елінің лайықты азаматы болуға, көк галстукті мақтанышпен тағуға және қазақстандық қоғамның құндылықтарын қастерлеуге салтанатты түрде ант берді.
Салтанатты жиында мектеп директоры Жүкенова Қорлан Мұқашевна құттықтау сөз сөйлеп, Тәуелсіздіктің маңыздылығын атап өтті. Ол әрбір оқушыға білімге ұмтылыс, Отанға деген сүйіспеншілік және болашаққа сенім тіледі.
Мектеп директорының орынбасарлары Лепёшкина Валентина Васильевна мен Абилова Әсемгүл Берекбайқызы аудандық байқаулар мен олимпиадаларда жеңіске жеткен, сондай-ақ мектеп өміріне белсене қатысқан оқушыларды мақтау қағаздары мен дипломдармен марапаттады.
Салтанатты жиынның жарқын қорытындысы — «Менің елім — Қазақстан!» аудандық байқауының жеңімпазы Жеңіс Алинаның орындауындағы «Қазақстан» патриоттық әні болды.
