Бүгін, 15 желтоқсан күні, Тайынша қаласындағы «№4 орта мектеп» КММ-нің оқушылары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған құттықтау бейнероликтер акциясына үлкен ықыласпен қатысты.
Аталған акцияның мақсаты — оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті тәрбиелеу және еліміздің мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауға баулу.
