Бүгін, 12 қаңтар күні Тайынша қаласындағы №4 орта мектепте «Заң және тәртіп» айлығы аясында 5–11 сынып оқушылары арасында «Менің құқықтарым – менің жауапкершілігім» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді.
Іс-шараны әлеуметтік педагог Галяшинский А.Г. кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор Пацков Т.В.-мен бірлесе отырып өткізді.
Кездесу барысында оқушылар Балалар құқықтары туралы конвенцияның негізгі ережелерімен танысып, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың мысалдарын және олардың салдарын талқылады. Әсіресе әрбір оқушының өз іс-әрекеттері үшін жеке жауапкершілігі мен заң талаптарын сақтаудың маңыздылығына ерекше көңіл бөлінді.
Кездесудің мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру, қоғамдағы міндеттері мен мінез-құлық ережелеріне саналы көзқарасын дамыту.
.

