Бүгін, 9 қаңтар күні «Заң және тәртіп» айлығы мен Позитивті ата-аналықты қолдау орталығы (ПАҚО) аясында Тайынша қаласындағы №4 орта мектепте ата-аналарға арналған «Қаржылық жауапкершілік» тақырыбында ақпараттық-ағартушылық сабақ өткізілді.
Кездесу барысында балалардың ақшаға деген сауатты көзқарасын қалыптастыру мәселелері, ата-аналардың қаржылық салада жауапты мінез-құлықты тәрбиелеудегі рөлі, сондай-ақ отбасының қаржылық міндеттемелеріне қатысты құқықтық аспектілер қарастырылды. Ата-аналарға баланың мінез-құлқына әсер ететін жеке үлгінің маңыздылығы ескертіліп, балаларды қаржылық тәртіпке үйретудің тәжірибелік тәсілдері талқыланды.

