Бүгін, 19 қаңтар күні, 1–11 сынып оқушылары үшін жұмыс жиыны өтті.
Іс-шараның басында білім алушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындап, еліміздің рәміздеріне деген құрмет пен азаматтық жауапкершілікті білдірді.
Жиын барысында тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары оқушыларды «Заң және тәртіп» айлығы аясында өткізілетін іс-шаралар жоспарымен таныстырды. Оқушыларға мінез-құлық ережелерін сақтаудың, бір-біріне құрметпен қараудың, сондай-ақ өз әрекеттері үшін жауапкершілік алудың маңыздылығы еске салынды.


