Бүгін, 22 қаңтар күні, «Smart bala» әлеуметтік жобасының жетекшісі Әлібаев Т.С. 10–11 сынып оқушыларына «Заң және тәртіп» айлығы аясында «Қаржылық сақшы» атты танымдық іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында оқушылар қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ақшаға жауапкершілікпен қарау дағдыларын дамытуға және қаржылық қауіпсіздік негіздерін түсінуге бағытталған «Qarjy saqshysy» интерактивті ойынына қатысты. Ойын түрінде оқушылар жеке қаржыны басқарудың маңызды қырларымен танысып, қаржылық тәуекелдерді тануды және дұрыс, салмақты шешім қабылдауды үйренді.


