4 ақпанда мектебімізде «Закладка. Мать» атты профилактикалық фильмнің көрсетілімі аяқталды.
Көрсетілімге 5–11 сынып оқушылары қатысты. Бұл фильм жасөспірімдердің өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға, сондай-ақ зиянды әдеттер мен түрлі тәуелділіктердің алдын алуға бағытталған.
Іс-шараның мақсаты — оқушылардың саналы көзқарасын арттыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, өз әрекеттерінің салдарын талдай білуге және дұрыс өмірлік таңдау жасауға үйрету.
Фильмнен кейін оқушылармен талқылау жүргізіліп, олар өз ойларымен бөлісті, көтерілген мәселелерді саралап, маңызды қорытындыға келді: адамның денсаулығы, қауіпсіздігі мен болашағы көп жағдайда оның жеке шешімдеріне байланысты.


