Тайынша қ. №4 орта мектебі «Сабақтастық» жобасын мектепке дейінгі, бастауыш және орта білім беру сатылары арасында іске асыруды жалғастыруда. Сабақтастық — бұл білім берудің бір сатысынан екіншісіне жүйелі түрде өту, яғни мазмұнның, оқыту мен тәрбиелеудің түрлері, әдістері мен технологияларының сақталып, біртіндеп өзгеруін білдіреді. Жобаға болашақ сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері қатысуда. Олар үшінші тоқсан бойы сабақтарға қатысып, сынып ұжымын зерттеу, оқушылардың жұмыс қарқынын анықтау, проблемалық тұстарды айқындау және оқыту стратегиясын жоспарлау мақсатында жұмыс жүргізді. Төртінші тоқсанда жобаны іске асырудың келесі кезеңі басталды – болашақ мұғалімдердің сабақ беруі. Бұл кезеңнің мақсаты – оқушыларды мұғалімнің оқыту әдістемесіне біртіндеп бейімдеу, сенім атмосферасын қалыптастыру, әрбір оқушының жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін, қабілеттері мен қызығушылықтарын ескеру.
Басқа ақпарат